Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті

20.06.2026, 1:17 38

Сырдария ауданының әкімі Берік Сәрменбаевтың қатысуымен аудандық мәдениет үйінде «Қарасора — 2026» арнайы жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында кеңейтілген мәжіліс өтті.

Жиынға аудан прокуроры Алимбаев Абай Мұхтарұлы, аудандық полиция бөлімінің бастығы Беркімбаев Мақсат Сүлейменұлы, зиялы қауым өкілдері, аудандық мәслихат депутаттары, кент және ауылдық округ әкімдері, мекеме басшылары, құқық қорғау органдарының жеке құрамы, білім, мәдениет және медицина саласының қызметкерлері мен белсенді жастар қатысты.

Аудан әкімі мәжілісте «Қарасора — 2026» арнайы жедел-профилактикалық іс-шарасының мақсаты мен міндеттеріне тоқталып өтті.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Маңызды міндеттің бірі – есірткі саудасына және нашақорлыққа қарсы күрес. Қазіргі қоғамда есірткі мәселесі күн санап ушығып барады. Осы әлеуметтік кеселмен бәріміз жұмыла күресуіміз қажет» — екенін атап өтті. Сонымен қатар, елімізде жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Қарасора» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды. Бұл жай ғана полицияның кезекті жұмысы емес, бұл — әрбір үйдің тыныштығы, елдің болашағы мен балаларымыздың амандығы үшін жасалып жатқан үлкен қозғалыс – деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Мәжілістің күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Бірінші мәселе аудан аумағында «Қарасора — 2026» арнайы жедел-профилакалық іс-шарасын өткізу туралы аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Әділхан Қанзадаев хабарлама жасаса, екінші мәселе есірткі егу алқаптары анықталған жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару және жер учаскелерінің иелері мен жер пайдаланушыларға заңмен белгіленген жауапкершіліктері туралы аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Бағлан Мейрамбекұлы баяндама жасады.

Жиын барысында аудандық полиция бөлімі тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндалып, алдағы уақытта жүргізілетін шаралардың нақты бағыттары талқыланды.

Аудан басшысы мәжіліс соңында сала мамандарына, кент және ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар беріп, профилактикалық іс-шараны жүйелі түрде жүргізуді жүктеді.

Айта кетейік, елімізде «Қарасора — 2026» арнайы жедел-профилакалық іс-шарасы ағымдағы жылдың 1 маусым 31 қазан аралығында өтеді.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: