Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Басқарма директоры тағайындалды

16.06.2026, 9:55 75

“Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасы Бауыржан Русланұлының өкімімен Машиков Сағындық Алтайұлы Қалалық электр тораптары басқармасының директоры қызметіне тағайындалды.

Сағындық Алтайұлы 1994 жылы дүниеге келген. Ұлты – қазақ, отбасылы. 2016 жылы Алматы энергетика және байланыс университетін «Электр энергетикасы» мамандығы бойынша тәмамдаған. Кейін Шымкент университетінде «Құқықтану» мамандығы бойынша екінші жоғары білім алған.

Еңбек жолын 2016 жылы «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Жер қатынастары бөлімінің инженері қызметінен бастаған. Кейін аталған компанияның Күрделі құрылыс басқармасыда инженер, жетекші инженер және бас маман лауазымдарын атқарды.

Қызметтік міндеттері аясында энергетикалық нысандарды салу, қайта жаңғырту және модернизациялау жобаларын іске асыруға қатысып, инвестициялық бағдарламаларды қалыптастыру мен сүйемелдеу, құрылыс-монтаж жұмыстарының орындалуын бақылау, жобалық-сметалық құжаттамаларды рәсімдеу, мердігер ұйымдардың қызметін үйлестіру, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдарымен, жергілікті атқарушы органдармен және басқа да мемлекеттік мекемелермен өзара жұмыс жүргізу бағыттарында нәтижелі еңбек етті.

Сонымен қатар тендерлік рәсімдерді ұйымдастыруға қатысып, құрылыс нысандарын пайдалануға беру және оларды кәсіпорын теңгеріміне қабылдау жұмыстарын табысты жүзеге асырды. Көпжылдық еңбек жолында өзін кәсіби біліктілігі жоғары, жауапкершілігі мол, ұйымдастырушылық қабілеті қалыптасқан тәжірибелі маман ретінде көрсете білді.

Әріптестері арасында іскерлігімен, еңбекқорлығымен және жаңашыл көзқарасымен құрметке ие болған Сағындық Алтайұлының жаңа қызметте де ұжымның дамуына және энергетика саласының өркендеуіне өз үлесін қоса беретініне сенім мол.

Сағындық Алтайұлын жаңа қызметімен құттықтай отырып, алдағы жұмысына жеміс, отбасына амандық, жауапты қызметінде толағай табыстар мен жаңа жетістіктер тілейміз!

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: