Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Дания Еспаева “Ақ жол” партиясының төрағасы болып сайланды

14.06.2026, 12:05 55

Оның кандидатурасын бұрынғы төраға Азат Перуашев ұсынды, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Азат Перуашев Мәжіліс төрағасының орынбасары Дания Еспаеваны Қазақстанның саяси тарихында өзіндік орны бар тұлға екенін атап өтіп, оның 2019 жылы Президенттікке кандидат болған еліміз тарихындағы алғашқы әйел екенін еске салды. Сондай-ақ ол Еспаеваның парламенттік оппозиция, заңсыз шығарылған активтерді қайтару, жеке тұлғалардың банкроттығы, банктер туралы заңдар, Кәсіпкерлік кодекс және жаңа Конституцияға байланысты азаматтарға рақымшылық жасау мәселелері бойынша бірқатар заң жобаларының авторларының бірі екенін айтты. Сонымен қатар оның Мәжіліс тарихында парламенттік оппозиция қатарынан сайланған алғашқы әйел вице-спикер екенін де жеткізді.

Дауыс беру қорытындысы бойынша партия делегаттары Дания Еспаеваны қолдады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: