Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Азалы дастарқанның» даналығы неде?

09.06.2026, 9:20 76

HALYQLINE.KZ

Кейінгі кезде қазақтар азалы дастарқанды «реттеуге» аса қатты кірісіп жатыр.

Әсіресе, дін осыны өз тәртібіне бағындыруға барын салуда!

Бірақ…

Бұл мәселеде жұртшылық ортада аса бір өресеел бұрмалаушылық байқалмайды.

Ағайын-туыс жиылып, «нан ауыз тисін» деген шамада дастарқан жайып қою барлық жерде орын алған.

«Қара жамылған үй, дастарқан жайылмасын» деп, ол үйдің еңсесін езе түсу қазалы үйге өте ауыр тиеді.

Қаза қайғысын жеңілдету үшін де ол үйден дастарқан үзілмеуі хақ!

Қазақтың ежелден келе жатқан дәстүрі осылай.

Ал, енді, «дастарқаны тойдағыдай бопты» дегеніміз – ол да өз салтын білмеуден, не оны мойындамаудан шығып жатқан дүние.

Гүл-шоғы жайнаған той дастарқаны мен «қазалы дастарқанды» айыра алмайтындай қазақ соншалықты дарақы емес.

Сондықтан, дастарқан молдығы тұрғысынан кездесетін аз-кем айырмашылықты сөз етудің де қажеті жоқ.

Барлығы мен бірлігі бар ағайын қайтқан адамның құрметіне молдау етіп дастарқан жайса, оны «ысырап» деп емес, «құрмет» деп қабылдап, осы әулеттің барлығына шын тілектестік білдіріңіз.

Ол да қазалы үйге дем береді.

Дастарқан жұпыны болса, онда да оны сынауға еш қақымыз жоқ…

Сондықтан, түйін мынау:

* Қазалы үйдің дастарқанын молдығына не аздығына қарап сынау – қазақ үшін ұят, санаға қайшы мінез;

* Қазалы үйге барып көңіл айту, аруағына бағыштап бата қайыру, отбасын тіршілікке шақыру – онда барғанның басты міндеті.

* Дастарқан – отбасы тіршілігінің жалғасының көрінісі, одан өзге мағына болмауы керек.

* Азалы үйде ошақтың отын сөндіру, қазанды төңкеру — жаманатқа жаманат шақыру нышаны болса керек…

Міне, осы себепті, біз қаралы үйдегі жағдайды әртүрлі спекуляция талқысына салудан аулақ болғанымыз жөн.

Оған діннің де араласуына, дастарқаны «былай болсын, алай болсын» деп үкім шығаруына еш қақы жоқ!

Дастарқан – қазақ үшін ең киелі ұғым:

Аттауға болмайды, басуға болмайды.

Дастарқан – өмірдің символы, тіршілік белгісі.

Ендеше, осы санадан, осы мәдениеттен қазақ ажыраса, қазақ деген болмысы да жойылады!

Осыны ұқпаған жан қазақылығын ұқпаған жан дер едім…

Әбдірашит  БӘКІРҰЛЫ,

философ

 Сурет ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: