Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Ібілістің жыныс мүшесі»: Ақтөбеде домбыраны қорлаған тұрғын үш жарым жылға сотталды

05.06.2026, 10:25 76

HALYQLINE.KZ

Ақтөбеде домбыраны «харам» деп қорлаған тұрғын жазаланды. Ол үш жарым жылға бас бостандығынан айырылды. Осыдан екі ай бұрын әлеуметтік желіде ұлт аспабын «Ібілістің жыныс мүшесіне» теңеп еді, деп жазады ktk.kz сайты.

Тергеу кезінде оның 35 жастағы Азат Қонысов екені белгілі болды. Ісі сотқа жетіп, процесс кезінде ол кінәсін толық мойындады. Өзінің сөзіне өкінетінін айтып, бас бостандығынан айырмауды сұрады. Әйтсе де судья оны тезге салу үшін үш жарым жыл түрмеге қамауды жөн деп шешкен.

ТикТокта тым белсенді бұл жігіттің домбырадан шошына сөйлеген сөзі көпшіліктің шамына тиген. Діни көзқарасына сүйеніп, қос ішекті аспапты «қазаққа жат» деді. Әлеуметтік желіден бейнежазбаны көргендер оның жазалануын талап еткен болатын.

— Діни тақырыптағы тікелей эфир кезінде діни алауыздықты қоздыру және азаматтардың ұлттық ар-намысы мен қадір-қасиетін, діни сезімдерін қорлау мақсатында, өз әрекеттерінің жария сипатын түсіне отырып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қызметкерлерін «тозақтың иттері» деп атаған. Осылайша оларды жануарларға теңестіріп, қоғам арасында теріс пікір қалыптастырған. Сотталушының қылмыстық жауаптылығы мен жазасын ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ. Соттың 2026 жылғы 4 маусымдағы үкімімен «К» кінәлі деп танылып, оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, — делінген Ақтөбе қаласы №2 сотының баспасөз қызметінің хабарламасында.

Фото: tizgin.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: