Қызылорда облысында үш күнге созылған “Жасөспірім” жедел профилактикалық іс-шарасы қорытындыланды, деп хабарлайды halyqline.kz.
Іс-шараға 300-ден астам тәртіп сақшысы, білім беру саласының мамандары, жергілікті атқарушы органдар мен өзге де мекеме өкілдері қатысты. Үш күн ішінде барлығы 265 әкімшілік хаттама рәсімделген.
Полиция мәліметінше, кәмелетке толмаған 2 бала ішкі істер органдарының есебіне алынды. Қадағалаусыз және панасыз қалған 3 жасөспірім кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды. Балалар мен жасөспірімдердің түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол берген 10 дерек анықталған.
Заңды өкілдерінсіз беймезгіл уақытта ойын-сауық орындарында, көшеде немесе үйінен жырақта жүрген 252 жасөспірімнің ата-анасына хаттама толтырылған. Полиция мұндай рейдтер балалардың қауіпсіздігі, түнгі уақытта бақылаусыз жүрудің алдын алу және ата-ананың жауапкершілігін күшейту үшін жүргізілетінін хабарлады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!