Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Облыс дзюдошыларының қоржынында – 7 медаль

29.05.2026, 9:00 64

HALYQLINE.KZ

2026 жылдың 26-28 мамыр аралығында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында А.Шайхиевті еске алуға арналған республикалық турнир мәресіне жетті. Дүбірлі додада облысымыздың намысын қорғаған балуандар жоғары дайындық пен жеңіске деген қажетті жігерлікті көрсетіп, айтарлықтай табысқа қол жеткізді. Бұл туралы Қызылорда облысы спорт басқармасының баспасөз қызметі ақпарат таратты.

Жарыс қорытындысы бойынша облыс құрамасының қоржынына 3 алтын, 2 күміс және 2 қола, жалпы саны 7 медаль түсті.

І орын

Қалдыбек Айғали (81 кг) – турнир чемпионы

Ұлықбекова Нұрбибі (70 кг) – турнир чемпионы

Ғазизқызы Айдана (+78 кг) – турнир чемпионы.

ІІ орын

Абылқасым Аружан (52 кг) – күміс жүлдегер

Абатова Шынар (78 кг) – күміс жүлдегер.

ІІІ орын

Бозша Ердәулет (66 кг) – қола жүлдегер

Алмағанбетова Аружан (57 кг) – қола жүлдегер

Облысымыздың спорттық абыройын асқақтатып, бозкілемде белсенділік танытқан барлық спортшы мен бапкерлер құрамын осынау жарқын жеңістерімен құттықтаймыз! Алдағы халықаралық және республикалық жарыстарда бұдан да биік белестерді бағындыруға тілектеспіз.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: