Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аудан әкімінің орынбасары жол апатынан қаза тапты

28.05.2026, 12:17 62

Атырау облысында жол апаты салдарынан Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары Ерболат Иғали қаза тапты. Ол 45 жаста болған, — деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, Ерболат Иғали жүргізушісімен бірге қызметтік көлікпен жұмысқа бара жатқан. Жолда көлік аударылып кеткен. Апат салдарынан шенеунік оқиға орнында көз жұмды. Жүргізуші аман қалған.

Бұл ақпаратты Атырау облысының әкімдігі растады.

«Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары Ерболат Айдынғалиұлы Иғалидің кенеттен қайтыс болуына байланысты оның отбасына, туған-туыстары мен жақындарына, сондай-ақ әріптестеріне қайғырып көңіл айтамыз», – делінген облыстық әкімдік хабарламасында.

Келесі айда марқұм 46 жасқа толар еді. Артында бес баласы қалды.

Ерболат Иғали еңбек жолын жергілікті газетте тілші болып бастаған. 2023 жылғы 30 қаңтардан бастап Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Фото: azh.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: