Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Министр журналистерден сүйінші сұрады

26.05.2026, 15:25 131

Үкіметте өткен брифингте Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек журналистерден сүйінші сұрап, ҰБТ-дан алғашқы ресми 140 балл тіркелгенін айтты, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Брифингте журналистер елімізде түлектер көбіне қандай мамандықтарды таңдайтынын сұрап сұрақ қойған болатын.

– ҰБТ енді ғана басталды. 10 шілдеге дейін жалғасады. Қандай да қорытынды шығаруға әлі ерте. Айтпақшы, менде бір жаңалық бар. Шамамен бір сағат бұрын – 12.40-та Павлодар қаласының №7 орта мектебінің оқушысы Әсет Альтаир тест тапсырып болды. Ол ресми түрде алғашқы 140 балды алды. Сүйінші деп айтуға болады, – деді Саясат Нұрбек.

Фото: BAQ. KZ архиві/ Арман Мухатов

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: