Алматыда мектеп бітірушілер ұйымдастырған автокортеж полиция назарын аударды. Қалалық полицияның мәліметінше, бір топ түлек көлік колоннасымен жүріп, жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарын бұзған. Оқиға 25 мамыр күні тіркелді.
Тәртіп сақшылары 21 кәмелетке толмаған қатысушының ата-анасын бала тәрбиесіне қатысты міндетін дұрыс орындамағаны үшін жауапқа тартты. Сонымен қатар көлік құралдарын пайдалану ережесін бұзу деректері бойынша бес әкімшілік хаттама толтырылып, автокөліктер арнайы айыптұраққа қойылды. Полиция соңғы қоңырау және мектеп бітіру кезеңінде қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігі күшейтілген режимде бақыланатынын хабарлады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!