Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова еліміздегі барлық өңірлік наркологиялық орталықты кешенді тексеруді тапсырды. Kapital.kz дерегінше, мұндай шешім азаматтардың шағымдары, депутаттық сауалдар және жүргізушілерді алкогольдік масаң күйге куәландыру кезінде рәсімдердің сақталмауына қатысты деректерден кейін қабылданған.
Тексеруді Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті жүргізеді. Анықталған заңбұзушылықтар бойынша материалдар құқық қорғау органдарына беріледі.
Министрлік медициналық куәландыру тәртібін реттейтін бұйрыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізбек. Бұл рәсімнің ашықтығын арттырып, даулы жағдайлардың алдын алуға бағытталған.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!