Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстанда дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды тіркеу жылдамдайды

25.05.2026, 11:35 34

Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды мемлекеттік тіркеу тәртібіне өзгеріс дайындады. Zakon.kz дерегінше, жоба «бір терезе» қағидаты бойынша көрсетілетін композиттік мемлекеттік қызметті жетілдіруге бағытталған. 

Жаңа тәртіп дәрілер мен медициналық бұйымдардың Қазақстан нарығына жылдамырақ шығуына мүмкіндік беруі тиіс. Министрлік халықаралық бағалаудан өткен және дамыған елдерде қолданылып жүрген сапалы әрі қауіпсіз өнімдерге қолжетімділікті арттыруды көздеп отыр. 

Жоба бойынша Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының преквалификация бағдарламасы аясында бірлескен тіркеу рәсімін жүргізу, АҚШ, Ұлыбритания, Еуропалық одақ, Швейцария, Оңтүстік Корея, Сауд Арабиясы, Сингапур, Канада, Жапония және Австралия сияқты елдердің реттеуші органдарының шешімдерін тану қарастырылған. Кейбір медициналық бұйымдарды сараптау мерзімі 15 жұмыс күніне дейін қысқаруы мүмкін. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: