Алматы облысында толық циклді жаңа фармацевтикалық зауыт салу жоспарланып отыр. Kursiv Media жазуынша, жобаға 32,5 млрд теңге инвестиция тартылады. Кәсіпорын «Алатау» арнайы экономикалық аймағында орналасады.
Зауытты іске қосу 2031 жылға жоспарланған. Жобалық қуатына 2032 жылы шығады, ал өндірістік циклді толық аяқтау 2034 жылға белгіленген. Инвестициялық келісім Денсаулық сақтау министрлігі мен Steppe Pharmaceuticals ЖШС арасында жасалған.
Кәсіпорын 20 түрлі дәрі шығарады. Оның ішінде онкологиялық және сирек кездесетін ауруларды емдеуге арналған препараттар, сондай-ақ заманауи иммунобиологиялық дәрілер бар. Зауытта ғылыми зерттеулер жүргізіліп, қазақстандық мамандар халықаралық стандарт бойынша оқытылады. Жоба шамамен 60 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!