Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Астанада балалар ауруханасынан науқастар эвакуацияланды

25.05.2026, 11:15 35

Астанада балалар ауруханасында өрт шығып, науқастар мен медицина қызметкерлері эвакуацияланды. Informburo.kz жазуынша, оқиға Сарайшық ауданындағы Қошқарбаев көшесінде орналасқан медициналық мекемеде болған. Ғимараттың жертөлесіндегі электр қалқаны жанған. 

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері шақырту түскеннен кейін екі минут ішінде оқиға орнына жеткен. Қауіпсіздік үшін ауруханадағы адамдар жақын маңдағы өзге медициналық мекемелерге уақытша орналастырылды. 

Өрттің жалпы аумағы 10 шаршы метр болды. Құтқарушылар жалынды толық сөндірді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: