Жаңақорған ауданының әкімі Мажит Самитовтың төрағалығымен оқу жылының аяқталуы, «Соңғы қоңырау» іс-шараларын ұйымдастыру, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ҰБТ-ға дайындық мәселелері бойынша кеңейтілген мәжіліс өтті.
Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, полиция және төтенше жағдайлар бөлімдерінің, білім саласының басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері, мектеп директорлары мен учаскелік полиция инспекторлары қатысты.
Мәжілісте «Соңғы қоңырау» іс-шараларын жоғары деңгейде әрі қауіпсіз өткізу, ҰБТ-ға дайындық жұмыстарын пысықтау, оқушыларды тасымалдауды бақылау, бітіру емтихандары мен аттестат тапсыру рәсімдерінен кейін рұқсат етілмеген іс-шаралардың алдын алу, рейдтік жұмыстарды күшейту, сондай-ақ жазғы демалыс кезіндегі балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жан-жақты қаралды.
Аудан әкімі жауапты сала басшылары мен мекеме жетекшілеріне нақты тапсырмалар жүктеп, олардың орындалуы қатаң бақылауда болатынын атап өтті.
Сонымен қатар, барлық кент және ауылдық округ әкімдеріне, мектеп директорларына, полиция қызметкерлері мен жауапты мекемелерге рейдтік жұмыстарды жүйелі ұйымдастыру, қоғамдық қауіпсіздікті сақтау және жазғы суға шомылу маусымында рұқсат етілмеген су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету тапсырылды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!