Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Еуропада биылғы алғашқы аптап ыстық басталады

23.05.2026, 12:01 49

Еуропаның бірқатар елінде 2026 жылғы алғашқы аптап ыстық байқалады. Испанияның кей өңірлерінде 23 және 24 мамыр күндері ауа температурасы 38 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Франция мен Англияның оңтүстігінде 33 градус, Германияда 31 градусқа дейін ыстық болады деген болжам бар.  

Климаттық модельдерге сәйкес, Еуропада мамыр және маусым айларындағы ыстық толқындардың пайда болу ықтималдығы индустрияға дейінгі кезеңмен салыстырғанда 10 есе артқан.

Метеорологиялық онлайн-сервис WFY24 негізін қалаушы Иоанна Верджини Германиядағы жағдайды мысалға келтірді. Оның айтуынша, 1980-жылдары Елуінші күн мерекесі кезінде Германияда 30 градус ыстық сирек тіркелетін. Қазір мұндай температура жиі байқалады.

Мамандар Еуропа елдерінің инфрақұрылымы, ауыл шаруашылығы және денсаулық сақтау жүйесі көктемгі жоғары температураға толық дайын емес екенін ескертіп отыр. Төменгі Саксонияның қоршаған ортаны қорғау министрі Кристиан Майер тұрғындарды суды үнемдеуге шақырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: