Синоптиктер 23–25 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Еліміздің солтүстігінде, оңтүстігінде және оңтүстік-батысында ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Шығыс өңірлерде түнгі уақытта жауын-шашын жаңбыр және қар түрінде түсуі мүмкін.
23 мамырда Түркістан, Алматы және Жамбыл облыстарында қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсіп, екпінді жел соғады. 24–25 мамыр күндері оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында түнде жаңбырдың соңы қарға ұласуы ықтимал. Республиканың қалған аумақтарында көбіне жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Ел бойынша жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл болуы мүмкін. Түнгі және таңғы сағаттарда тұман күтіледі. Солтүстік-шығыс, шығыс және орталық өңірлерде түнде 1–3 градусқа дейін үсік жүруі ықтимал.
Күндіз ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды:
батыста +28…+35°С,
солтүстікте және орталықта +20…+32°С,
шығыста +17…+25°С,
оңтүстікте +22…+35°С.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!