Алматыда полиция қызметкерлері мен еріктілер Жетісу ауданында жұмыс күнінің ортасында із-түссіз жоғалып кеткен 25 жастағы жігітті іздестіріп жатыр, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.
19 мамырда сағат 14:30 шамасында Ерзат Шалқарұлы Райымбек даңғылы бойындағы (147Б үй маңында) құрылыс нысанынан шығып кеткен, содан бері оның қайда екені белгісіз.
Жігіттің ұялы телефоны болған, ол соңғы рет Алматы облысы аумағында, яғни Еңбекшіқазақ ауданында (Есік саяжайлар, «Көксай» СТ) қосылған.
Жоғалған жігіттің ағасының айтуынша, Ерзат бұған дейін үйінен ескертусіз кетіп көрмеген, медициналық есепте тұрмайды, қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған.
Ерзат Егізбайдың белгілері: бойы шамамен 165-170 сантиметр, дене бітімі орташа. Айрықша белгілері жоқ. Үстіне қоңыр жемпір, қоңыр кеудеше, қара шалбар, қара спорттық аяқ киім және қара бас киім киген.
Ерзат Егізбай Қазақстанның мемлекеттік шекарасынан өтпегені, қалалық ХҚКО-ларға жүгінбегені және жазатайым оқиғаларды тіркеу бюросы есебінде жоқ екені анықталған. Алматының медициналық мекемелерін, жедел жәрдем қызметтері мен мәйітханаларын тексеру де әзірге ешқандай нәтиже бермеген.
Қазір полиция кешенді жедел іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Іздеу жұмыстарына еріктілер ұйымдарының мүшелері де тартылған.
Байланыс мәліметтері: 102 нөмірі бойынша полицияға хабарласуға немесе жоғалған жігіттің ағасына +7 777 021 66 60 (Азамат) нөмірі арқылы хабарласуға болады.
Фото: almaty.tv
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!