Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстанда аллергиялық асқынулар көбейіп барады

17.05.2026, 17:25 40

Қазақстанда кейінгі үш жылда жіті аллергиялық жағдайлармен ауруханаға жатқызу көрсеткіші 1,5 есе артқан. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі ресми сауалға берген жауабында мәлімдеді.

Мамандарды әсіресе балалар арасындағы аллергиялық аурулардың көбеюі, бронх демікпесінің артуы, дәрілік аллергия мен анафилаксия сияқты ауыр жағдайлардың жиілеуі алаңдатып отыр. Министрлік дерегінше, аллергиялық аурулар қатарына бронх демікпесі, аллергиялық ринит, атопиялық дерматит, тағамдық аллергия, есекжем және дәрілік препараттарға жоғары сезімталдық жатады. Мұндай көрсеткіш денсаулық сақтау жүйесі үшін ғана емес, ата-аналар мен мектептер үшін де маңызды ескерту. Себебі аллергия бұрынғыдай маусымдық жайсыздық қана емес, кей жағдайда адам өміріне қауіп төндіретін медициналық мәселе деңгейіне көтеріліп отыр. 

Фото: freepik

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: