Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мейіргерлер мерейі

09.05.2026, 1:15 27

Әлемде қанша мамандық болса, олардың әрбірінің адам үшін маңызы зор. Әйтсе де, адам жанының арашасы болған ақ халатты абзал жандардың, оның ішінде мейіргерлердің орны ерекше екені рас.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен Нартай Бекежанов атындағы драма театрында антына адал жандар мерекесі, яғни «Халықаралық мейіргерлер күніне» орай, салтанатты шара ұйымдастырылды.

Салтанатты шараға облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының емдеу, алдын алу жұмыстары жөніндегі орынбасары Жаңыл Исақызы, медицина ұйымдарының бас дәрігерлері мен ардагерлерi және өңірдің барша мейіргерлері қатысты.

Жаңыл Исақызы шарада алдымен барша мейіргерлерді төл мерекелерімен құттықтап, өзінің жүрекжарды лебізін білдірді.

Одан соң бірқатар саламызға еңбегін сіңірген білікті маман иелеріне мерекелік марапаттар табыстады.

Мерекелік шара одан әрі концерттік бағдарламаға ұласты.

Айта кетейік, халықтың денсаулығы жолындағы күресте облыс халқына бүгінде 11 мыңға жуық орта буын мамандары қызмет көрсетеді. Дертке шипа, денге саулық сыйлайтын барша мейірімді маман иелерін кәсіби мерекелерімен тағы да құттықтаймыз!

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: