Ел бірлігін, қоғам тыныштығын сақтайтын есіл ерлердің мерекесі бүгін. Осы тұста, ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінің қызметкерлері сала ардагерінің шаңырағына барып, ықылас білдіруді жөн санады.
Белді қызметтің бел ортасында жүріп, абыроймен зейнетке шыққан полковник Жамуров Серікбай Қойшыбайұлы есті естелігімен бөлісті. Сананы сан саққа бөлетін сүрлеу-соқпағы кездесетінін де жасырмады. Сондай-ақ, жұдырықтай жұмылып қызмет еткен, іскер басшылар жайындағы сөзін де іркіп қалмады.
Ардагер үшін отбасы – басты тірек. Жары Ермағамбетова Роза Ідірісқызымен бірге екі ұл, екі қыз тәрбиелеп өсірген. Ұл-қызының таңдауы тас түйін болып, күрделі салаға қадам басамын дегенде қарсы болмаған.
Иә, қатардағы қызметкерден полковник шеніне дейін көтерілу – кездейсоқ жетістік емес. Бұл – отыз жылдық қызметте осалдық танытпағанның нәтижесі.
«Органда жұмыс істеген соң, қадамыңды аңдап басып, сөзіңді байқап айт», — дейді ардагер. Бұл – өмірден түйген тәжірибесінің қысқа да нұсқа формуласы.
З.ҚОНЫСЖАН
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!