Мамыр айының алғашқы мерекелік күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Синоптиктер 30 сәуір мен 2 мамыр аралығында бірқатар өңірде жаңбыр, найзағай және бұршақ күтілетінін хабарлады.
Болжам бойынша, 2 мамырда оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда қатты жаңбыр жаууы мүмкін. Кей өңірлерде жел күшейіп, найзағай ойнайды. Сондықтан мамандар тұрғындарға ауа райы ескертулерін назардан тыс қалдырмауға кеңес береді.
Мамырдағы мереке күндері көшеде серуендеп, демалыс орындарына баруды жоспарлаған азаматтарға алдын ала болжамды қарап алған жөн. Әсіресе ұзақ жолға шығатындар мен ашық аспан астындағы шараларға қатысатындар қауіпсіздік шараларын ескергені дұрыс.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!