Қазақстан халқының саны 20,5 миллионнан асты. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша елде 20 532 240 адам тұрады.
Қазақстан халқының этностық құрамында қазақтар ең көп үлеске ие. Елдегі қазақтардың саны 14 664 202 адамға жеткен. Одан кейінгі орында орыстар – 2 943 022 адам. Сондай-ақ Қазақстанда өзбектер, украиндар, ұйғырлар, немістер, татарлар, әзербайжандар, кәрістер, түріктер және басқа да этнос өкілдері тұрады.
Бұл дерек 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында жарияланып отыр. Сарапшылардың айтуынша, елдегі этностық әралуандылық Қазақстан қоғамының тарихи қалыптасқан ерекшелігі саналады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!