Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Түрік компаниясының қызметкерлері баспана кілтін алды

29.04.2026, 21:06 55

Бүгін Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен сол жағалауда жаңадан салынған көпқабатты тұрғын үй кешені иелеріне табысталды. Оған құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, облыстық мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары, Ассамблея өкілдері, «Акса Энерджи Қызылорда» компаниясының қызметкерлері қатысты.

Жалпы 380 пәтерлік тұрғын үй кешенінің аумағы 24 мың шаршы метр, қалған үйлер биыл қазан айында тапсырылады.
Рәсімде аймақ басшысы жиналған жұртшылықты Қазақстан халқының бірлігі күнімен және қоныстоймен құттықтап, тұрғын үй құрылысы саласында атқарылған жұмыстарға тоқталды.

«Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Қазақ жерін мекен еткен сан алуан этностың мәдениеті, діні мен дәстүрі өзара үндесіп, бірегей өркениетке айналды. Ырысты ынтымақтың арқасында халқымыздың қуаты арта түседі. Сондықтан біз бірлігімізді нығайтуға бар күш-жігерімізді жұмылдыруымыз керек. Бұл – әрбір азаматтың мәртебелі міндеті әрі перзенттік парызы», – деген болатын.
Айтулы мереке қарсаңында комфорт плюс санатындағы заманауи, жаңа үлгідегі «Тұран» кешенінің 7 қабатты алғашқы үйін пайдалануға беруге жиналдық. Тұрғын үйді Президентіміздің қолдауымен қаламызда жаңа жылу-электр орталығын салған түрік инвесторы «Акса энерджи Қызылорда» компаниясының қызметкерлеріне салтанатты түрде табыстаудамыз.
Жаңа баспаналарыңыздың іргетасы берік, қабырғасы мығым, ішіндегі әр отбасының шаңырағы татулық пен берекеге толы болғай! Алдағы уақытта да компания ұжымы Сыр өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған серпінді жобаларды жүзеге асыра береді деп сенеміз. Баршаңыздың дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін! Қоныстарыңыз құтты болсын!», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Рәсімде құрылысшылар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері Нажмадин Түркпенұлы жаңа қоныс иелерін құттықтады.

Айта кету керек, өңірде халықты баспанамен және әлеуметтік нысандармен қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік саясат жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді.Соңғы төрт жыл ішінде тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға 8 мыңға жуық пәтер табысталды. 2023 жылдан бері барлық ауданда шамамен 1800 жаңа пәтер пайдалануға берілді. Биыл тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға 2400 пәтер беру үшін бюджеттен 55 млрд 600 млн теңге бөлінді.
Кейінгі жылдары қала орталығындазаманауи дизайнмен жеті, тоғыз және он екі қабатты тұрғын үйлер салынуда.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: