Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасары тағайындалды

24.04.2026, 22:35 44

HALYQLINE.KZ

Бүгін Жаңақорған ауданы әкімі Мажит Самитовтың төрағалығымен өткен мәжілісте аудан әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалған Нариман Жакудаев таныстырылды, деп жазады баспасөз қызметі.

Жиында аудан басшысы жаңа орынбасардың еңбек жолы мен кәсіби тәжірибесіне кеңінен тоқталып, оның білім беру мен мемлекеттік басқару салаларында жинақтаған тәжірибесі жауапты қызметті абыроймен атқаруға негіз болатынын атап өтті. Сондай-ақ, алдағы жұмысына сәттілік тілеп, үлкен сенім артылатынын жеткізді.

Нариман Үсенұлы Жакудаев 1991 жылы Жаңақорған ауданында дүниеге келген. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «География пәнінің мұғалімі», Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары бойынша тамамдаған.

Еңбек жолын 2014 жылы Жаңақорған ауданы, Өзгент ауылындағы №224 орта мектебінде география пәнінің мұғалімі ретінде бастаған. Әр жылдары «Нұр Отан» партиясы Жаңақорған аудандық филиалында консультант, №245 орта мектебі директорының орынбасары, №221 жалпы орта мектебінің директоры қызметтерін атқарған.

2025 жылдың сәуір айынан бастап осы күнге дейін Жаңақорған аудандық білім бөлімінің басшысы ретінде табысты еңбек етіп, салада бірқатар жүйелі жұмыстардың жүзеге асуына үлес қосты.

Нариман Үсенұлы аудан әкімінің орынбасары ретінде идеология саласына жетекшілік ететін болады. Атап айтқанда, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, қоғамдық даму және әлеуметтік қорғау бағыттарын үйлестірумен қатар, құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді.

Жиын соңында аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Дәулет Қалыбаев жаңа тағайындауға байланысты пікірін айтып, жаңа қызметте табыс тіледі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: