Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Кітап фестивалі өтті

22.04.2026, 18:40 44

HALYQLINE.KZ

Бүгін Арал аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен 23 сәуір – Ұлттық кітап және кітапханашылар күні аясында «Кітап шоу – 2026» кітап фестивалі өтті, деп жазады аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Кітаптың құны мен кітапханашының мәртебесін көтерген ауқымды іс-шараға ауданның зиялы өкілдері, ақындар мен жазушылар, кітапхана саласының ардагерлері және кітапхана оқырмандары қатысты.

Аталған мереке аясында өткізілген бұл шараның басты мақсаты – оқырман мәдениетін дамыту, кітапқа деген қызығушылықты арттыру және қоғамда кітапхананың рөлін насихаттау.

Фестиваль барысында «Кітап – мәңгілік мұра» кітап көрмелері, «Жасанды интеллект және кітапхана» жаңа кеңістік алаңы ұйымдастырылып, оқырмандар назарына жаңа әдебиеттер мен интеллектуалды ойындар ойнатылды.

Кітап фестивалінің екінші бөлімі «Әлемнің кілті – кітапта, ал кілт иесі – кітапханашы» атты мерекелік кешпен жалғасты.

Фестиваль аясында кітапхана қызметкерлерінің еңбегі де ерекше атап өтіліп, үздік кітапханашылар марапатталды. Бұл – кітапханашылардың қоғамдағы маңызын арттырып, олардың кәсіби еңбегіне көрсетілген құрметтің белгісі.

Ұлттық кітап пен кітапханашылар күніне арналған бұл фестиваль – рухани жаңғыруға бағытталған, оқырман мен кітапты тоғыстырған маңызды мәдени іс-шаралардың бірі. Кітапсүйер қауым үшін бұл күн ұмытылмас әсерге толы мерекеге айналды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: