Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Павлодарда топырақ опырылып, екі адам қаза тапты

14.04.2026, 10:35 65

Павлодарда су құбырларын жөндеу жұмыстары кезінде топырақ опырылып, салдарынан екі адам қаза тапты.

Алдын ала мәліметке сәйкес, оқиға кезінде бес жұмысшыны топырақ басып қалған. Құтқарушылар келіп жеткенше, әріптестері олардың бірін өз күштерімен үйінді астынан шығарып алған.

Кейін Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері тағы екі адамды топырақ астынан алып шығып, дәрігерлерге тапсырған. Олар ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі уақытта зардап шеккен тағы екі жұмысшының жансақтау бөлімінде ауыр жағдайда жатқаны белгілі болды.

Аталған дерек бойынша еңбек қауіпсіздігі талаптарының бұзылуына байланысты полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: