Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Абай облысында тасқын бұзған көпір екі жылдан кейін қайта қалпына келтірілді

12.04.2026, 18:30 39

Абай облысында екі жыл бұрын көктемгі су тасқыны кезінде бұзылған көпір қайта жөнделіп, көлік қозғалысы қалпына келтірілді.

Өңір әкімдігінің мәліметінше, Көкпекті ауданындағы Тассай ауылына апаратын көпірді 2024 жылғы көктемгі тасқын шайып кеткен. Соның салдарынан ауылмен арадағы көлік қатынасы екі жыл бойы үзілген. Осы уақыт ішінде тұрғындар Қарағандыкөл ауылы арқылы айналып өтуге мәжбүр болып, жол қашықтығы 120 шақырымға ұзарған.

Облыс әкімі Берік Уәлидің тапсырмасына сәйкес, маңызды инфрақұрылым нысанын қалпына келтіру бағытында нақты жұмыстар жүргізілді. Қазір Тассай ауылына баратын көпір арқылы көлік қозғалысы қайта ашылды.

Бұдан бөлек, мердігер ұйымның басшысы Қанат Сақан өз қаражаты есебінен көпірден республикалық маңызы бар автожолға дейінгі аралықты асфальттауды жоспарлап отыр.

Жоба толық аяқталып, жаңа көпірді пайдалануға беру осы жылдың соңына дейін межеленген.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: