ҒЫЛЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Қаныш Сәтбаев Ұлттық Ғылым Академиясының бірінші Президенті болып, ғылымға риясыз еңбек етіп, Қазақстан ғылымын Советтер Одағында 3-орынға шығарды. Қазақ ССР-ның 29 ғалымы Лениндік және Сталиндік, кейінірек Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаттары болды, көптеген жаңалық ашты.
Осы орайда Тұрар Рысқұловтың қызы, ғылым докторы, профессор Сәуле Тұрарқызының анасы Ғазизаның аузынан естігенін, маған айтқан сөзінен үзінді.
Қаныш Сәтбаев қасында орыс ғалымы бар Т.Рысқұловтың Мәскеудегі үйіне барып, Жезқазған кен орнын барлауға, ашуға үлкен қаражат сұрайды. Т.Рысқұлов ол кезде Совнаркомның орынбасары, Кремльде И.Сталиннің орынбасыры екен. Тұрар Рысқұлов Өнеркәсіп иинистрі С.Орджоникидзеге телефон соғып, қаражат алуға көмектеседі. Соның арқасында Қ.Сәтбаевтың табандылығының арқасында Қазақстанның кен орындары ашылады.
Осылайша Т.Рысқұлов Д.Қонаев, М.Әуезов, М.Тынышбаев, тағы басқа көптеген қазақ қайраткерлеріне жәрдем берген екен. Сол кездегі Қазақ елі дегенде қайраткерлеріміздің бір-біріне деген көмегін ұмытпайық. Мүмкіндігінше бір-бірімізді қолдап жүрейік.
Оразалы СӘБДЕН,
академик.
Фото: ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!