Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстанда көмір өндіру көлемі артып келеді

07.04.2026, 10:55 72

Бұл туралы Үкімет отырысында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов 2026 жылы елде 128,9 млн тонна көмір өндіру жоспарланып отырғанын мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, сала ішкі нарықты тұрақты қамтамасыз етіп қана қоймай, экспорт көлемін де сақтап отыр. Яғни өндірілген көмірдің басым бөлігі ел ішіндегі қажеттілікке жұмсалса, қалған бөлігі шетелге жөнелтіледі. Ерлан Ақкенженов көмірдің негізгі бөлігі электр энергетикасында, коммуналдық-тұрмыстық секторда және өнеркәсіп саласында пайдаланылатынын айтты. Бұл көмірдің ел экономикасы үшін әлі де маңызды ресурс болып отырғанын көрсетеді.

Министр келтірген дерекке сүйенсек, 2025 жылдың қорытындысында Қазақстанда шамамен 115,9 млн тонна көмір өндірілген. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 7 пайызға көп. Оның 85,9 млн тоннасы ішкі тұтынуға және коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге бағытталған. Ал көмір экспортының көлемі 30 млн тоннаға жеткен. Қазақстан көмірді негізінен Ресейге, Польшаға, Өзбекстанға, Түркияға, Үндістанға және Малайзияға экспорттайды. Бұдан өзге де бағыттар бар.

Жалпы алғанда, Үкімет 2026 жылы көмір өндіру көлемін одан әрі ұлғайтуды көздеп отыр. Ресми мәліметке қарағанда, бұл ішкі сұранысты толық қамтамасыз етуге және сыртқы нарықтағы жеткізілімді жалғастыруға мүмкіндік бермек.

Фото: energyprom.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: