Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада 49 жастағы ер адам өмір бойына сотталды

07.04.2026, 8:15 58

Қызылордада 49 жастағы ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Оған 34 жастағы көршісі мен оның анасын пышақтап өлтірді деген айып тағылған, деп жазады «Алматы» телеарнасы, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі.

Жантүршігерлік жағдай кәмелетке толмаған жасөспірімнің көзінше болған. Қайғылы оқиға қаңтар айында қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде тіркелген. Кеше сот резонанстық іске соңғы нүктесін қойды.

«Сот үкімімен сотталушы Ш ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлігімен 1,5-тармақтарымен, ҚК-тің 107-бабының 2-бөлігінің 8-тармағымен кінәлі деп танылып, ҚР ҚК-нің58-бабы 4-бөлігі негізінде онша қатаң емес жазаны неғұрлым қатаң жазаға сіңіру арқылы  түпкілікті өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына тағайындалады. Жазасын қылмыстық атқару жүйесінің төтенше қауіпсіз мекемесінде өтеу белгіленді», — деді Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әкімшілігінің басшысы Ерлан Раушанбекұлы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: