Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстанда Кітапханашылар күні мен Ұлттық кітап күні 23 сәуірде бірге атап өтіледі

06.04.2026, 21:17 44

Қазақстанда Кітапханашылар күнін атап өту тәртібіне өзгеріс енгізілді. Енді бұл кәсіби мереке 23 сәуірде аталып өтеді. Бұл күн Мемлекет басшысы бастамасымен бекітілген Ұлттық кітап күнімен тұспа-тұс келіп отыр. 

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, екі мерекенің бір күнге тоғысуы кітаптың қоғамдық маңызын арттырып, кітапханалардың білім тарату мен мәдени мұраны сақтаудағы орнын айқындай түседі. Ведомство бұл өзгеріс кәсіби және қоғамдық мазмұнды ұштастырып, іс-шараларды жоғары деңгейде ұйымдастыруға мүмкіндік беретінін атап өтті. 

Қазір Қазақстанда 12 мыңға жуық кітапхана жұмыс істейді. Бұл салада 20 мыңнан астам маман еңбек етеді. 

Айта кетейік, 23 сәуір ЮНЕСКО бекіткен Халықаралық кітап және авторлық құқық күнімен де сәйкес келеді. 

Фото: ОКҚ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: