Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ел есінде қалған ер

02.04.2026, 6:20 38

Мұстақым Біләлұлы Ықсанов 1926 жылы 30 наурызда Байдуков ауылында (қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Борсы ауылы) дүниеге келген. Кеңестік қазақ мемлекет  және  партия  қайраткері.  1991 жылы 18 қарашада  қайтыс  болған.

1961-1962 жылы Түркістан облысы Ильичев ауданы партия комитетінің бірінші секретары.

1962-1963 жылы Оңтүстік Қазақстан өлкелік су шаруашылығы басқармасының бастығы.

1963-1966 жылы Қазақстан компартиясы Қызылорда обкомының бірінші секретары.

1970-1971 жылы Қазақстан компартиясы Жамбыл обкомының бірінші секретары.

1971-1975 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті секретары.

1976-1985 жылы Қазақстан компартиясы Орал обкомының бірінші секретары.

1976-1986 жылы КПСС ОК мүшелігіне кандидат.

1971-1976 жылы КПСС Орталық Тексеру комиссиясының  мүшесі.

КПСС 23, 24-съездерінің делегаты. 7-8-сайланған Қазақстан ССР Жоғары Советінің депутаты. Қазақстан ССР-нің еңбек сіңірген құрылысшысы (1961 жылы).

КСРО Жоғарғы Кеңесінің 7-8 (1962-1970) және 9-11 (1974-1989) шақырылымдарының Орал  облысынан (11-шақырылым)  депутаты.


Өмір бойы халық пен өкіметке аянбай қызмет атқарған Мұстақым Біләлұлы осындай жоғары орындарда отырды. Оның жалпы өмірі мен қызметіне көз салсақ, өте арынды, іскер басшы  болғанын  көреміз.

М.Ықсанов биліктің өзге салаларында жемісті еңбек етіп, «Ленин», «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен, көптеген медальмен марапатталды. Орал қаласында М.Ықсанов атындағы ұжымдық шаруашылық бар. Қаладағы Дмитриев көшесіндегі ол тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылған. №36 мектепке М.Ықсановтың есімі берілді, мектеп аумағында оған ескерткіш мүсін қойылды. Оның жарқын бейнесі мен республикамыздың шаруашылығы мен өндірісіне сіңірген еңбегі халқымыздың тарихында ешқашан ұмытылмайды. (Ботаев К. Добрый след на земле. 28.10.2023).

Қолына қалам ұстаған жазушылар мен журналис­тер жер тағдырына келгенде, көпшілігі 21 мамыр 2016 жылғы Үкіметке жер шетелдіктерге сатылмасын, жалға берілмесін деп  халық­тың көшеге шыққандағы қарсылығы кезінде, ел басқарған бабаларымыздың айтқан мына бір тұжырымдарын мысалға келтірді: «…б.э.д. 209 жылы  Хун шаньюйі Мүденің (Моэде) «Жер – мемлекеттің негізі» деген сөзі мен Көне түріктер­дің: «Жер-суды мұқият бөліп, оның шекарасын қатал сақтап отыру – көшпелілерді су көзі мен жайылым үшін, аң ауланатын жер үшін, ағайын арасында қатал қанды соғыстан аман алып қалудың бірден-бір жолы. Бірақ, әлбетте, жер пайдаланудың осынау сипатталған жүйесінің жекеменшікке ешбір қатысы жоқ, өйткені жер сатылмайды да, сатып алынбайды» деп Л.Н.Гумилевтың «Хундар» мен «Көне түріктер» зерттеуінде жазылғанды нақтылап көрсеткен еді (Хундар, Алматы, 1998, 75-б, Алматы, 1994, 68,69-бб).

XVIII ғасырдың ортасынан асқанда жоңғарды жеңген Қазақ хандығы сұмдық сорақыны орыс империясының боданы болғанда көрді. Телжан Шонанов «Қазақ орыстың қол астына 1732 жылдан бері қарай кіре бастаған. … Қазақ жерін отарға айналдыру, қазақ даласын талау тари­хын екі дәуірге бөлуге тура келеді: 1) Орысқа бағынғаннан бастап XIX ғасырдың 80-жылдарының басына дейін. Бұл атты казактардың пайдасына, әскерлік кісілердің пайдасына деп жер алу дәуірі. 2) 80-жылдардың аяғынан, 90-жылдардан бастап Николай құлағанға (1917 ж.) шейін қара шекпенділер  үшін  жер  алу  дәуірі», — деп көр­сетеді (27 том.  Астана, 2007, 18-б).

«Қазақ жерін қол астында ұстап тұру үшін, патшалық Ресей 1868 жылы «Уақытша Ереже» – 1867 жылғы Жетісу және Сырдария облыстарын басқару туралы реформадан кейін «Орынбор және Батыс-Сібір генерал-губернаторлықтарындағы далалық облыстарды басқару туралы уақытша ереже» жарияланды. Аталған ережелердің нәтижесінде Қазақстан территориясында алты (6) облыс құрылды: Жетісу (1878) және Сырдария (1890) облыстары Түркістан генерал-губернаторлығына (орталығы Ташкент қаласы) қарады. Ақмола (1878) және Семей (1878) облыстары Батыс – Сібір генерал-губернаторлығына (орталығы Омбы қаласы) бағынды. Орал (1878), Торғай (1878) облыстары Орынбор генерал-губернаторлығына (орталығы Орынбор қаласы) бағынды. Кейін, Закаспиской (1890) облысын ашты, оған Түркіменстан мен Маңғыстау қарады. Облыстар уездерге, уездер болыстарға (волосной), болыстар ауылдарға (басқарушыны ауылнай деп атаған) бөлді. Орыс империясының отарлау саясатының «тамаша» жемістерінің бірі, қазақ жеріндегі басқару  жүйесі  осылай  қалыптасты.

«Уақытша Ереже» бойынша Қазақстанның барлық территориясы Ресей мемлекетінің меншігі деп жарияланды. Жерді мемлекет меншігі деп жариялау, үкіметке қазақ халқының жерін олардың пайдалануынан алып, переселен (переселенцы) учаскелеріне беруге заңдық құқық берді», — деп жазады (Қазақ жер мәселесінің тарихы. Астана, 2007, 27-том,  47-б).

Арал   теңізінің   тағдырын    өткен    ғасыр­дың   (XX ғ.) басында патшалық Ресей шешіп қойған-ды. Осы ойымыздың дұрыстығына Мұстафа Шоқайдың «Түркістанда мақта төңірегіндегі күрес» (1929 ж.), «Патшалық Ресей министрі Кривошеиннің Түркістандағы мақта шаруа­шылығына көзқарасы» (1930 ж.) және «Мақта төңірегіндегі күрес» (1930 ж.) деген үш мақаласы дәлел бола алады. Ресей ауылшаруа­шылық мини­стрі Кривошеиннің: «Қазір Түркістан (облы­сы) мен Хиуа Ресейдің мақтаға деген қаже­тінің жартысын ғана өтеп отыр. Бұл – мил­лион пұт таза мақта, яғни 100 миллион сом алтын ақша. Тағы жетіспейтін 10-12  миллион  пұт  мақта  алу үшін Америкаға  78-80 миллион сом алтын ақша беруімізге тура келеді. Ресейдің шикізаттан Америка­ға осынша  тәуелді болып отыруы (ол кезде Американың Ресейге енген тауарларының 9/10-ы мақта болатын) оны ылғи дағдарыс қалпында ұстайды. Сондықтан біз жарты жолда тоқтап қала алмаймыз. Ресейдің мақтаға деген қажетін толық қанағаттандырып, оны шетелдің ықпалы мен  дағдарыс  қаупінен құтқару лазым», — деп М.Шоқай жазған болатын (Таңдамалы шығармалар, 1-том, Алматы, 2007. 33-38-бб).

«Революциядан (1917) кейін Орталық Азияда Түркістан Республикасы құрылып, оған бүкіл Өзбекстан, Түркменстан, Тәжікстан, Қырғызстан республикаларының жері, ал Қазақстаннан оңтүстіктегі бес облысы, оның ішінде Қызылорда облысы кірген. Сонымен қатар Семей облысының алты ауданы, Шығыс Қазақстан облысының бес ауданы бар. Түркістан Республикасының орталығы Ташкент, ал Қазақстанның астанасы 1920-1924 жылдары Орынбор  қаласы болған.

1922 жылдың аяғында Ташкент қаласында Түркістан Республикасының су шаруашылығы қызметкерлерінің съезі болып, онда «Иррига­цияны соғысқа дейінгі жағдайда қалпына келтіру туралы»  мәселе қарап, 1923 жылғы жұмыс жоспарын қабылдаған», — деп жазады А.Шәменов  (Сабыр. 129-б).

Патшалық Ресейдің орнына келген Кеңес­тер Одағы (СССР) Қазақстан Республикасының жерін келісімсіз өзінің меншігіндей көрші мемлекеттерге тарата бастады. Бірінші болып Оңтүстік Қазақстан облысының Бостандық ауда­нын Өзбекстанға беру туралы 12 қарашада 1955 жылы Н.С.Хрущевтың қол қойған қаулысы болды. 13 ақпан 1956 жылдан бастап Өзбекстан Республи­касына толықтай қарады. Осы уақыттарда Қазақ­стан Компартиясының 1-ші хатшысы Жұмабай Шаяхметовты 6 ақпан 1954 жылы орнынан алды да, орнына Мәскеу жіберген Пантелеймон Кондратович Пономоренконы тағайындады (6.02.1954 – 07.05.1955 жж.).

Шамалауымша, Жұмабай Шаяхметовты орны­нан алудың себептерінің бірі Бостандық ауданын Өзбекстанға беруге қарсы болған болуы мүмкін. Бұл туралы ашық ақпарат көздерінде жазылмай­ды, тек т.ғ.д., профессор Қуандық Есенғазының «Хрущевтің зорлығы. Қазақ жерінің Өзбекстанға берілуі» атты мақаласы  бар (Abai.kz, 17 шілде, 2021 ж).

П.С.Беланның зерттеу бойынша: «Воп­рос о передаче Узбекистану территории всего Бостандыкс­кого района и прилегающей части Голодной степи возник в начале 1950-х г. 21 января 1956 г. Верховный Совет Казахской ССР издал постановление, …Учитывая общность экономики, территориальную близость, тесные хозяйственные и культурные связи между Бостан­дыкским районом Южно-Казахстанской области Казахской ССР и Узбекской ССР, …земель находящихся под командованием Южного Голодностепского канала, левой ветви центрального Голодностепского канала, переданных Правительством Казахской ССР во временное пользование Узбекской ССР в 1936-1937 гг.  …Их общая площадь составила около 1 млн. га», — деп жазады (Қысқартылып  берілді).

Негізгі әңгіме болатын тақырыбымыз – «28 маусым 1971 жылы СССР Жоғарғы Советі Президиу­мының «Өзбек ССР арасындағы шекара­ларға кейбір өзгерістер енгізу» туралы бұйрығын» 55 жыл өтсе де, екі мемлекеттің қалай шекара  сызығын  белгілеуін қайта ой елегінен өткізе  отырып, ақ-қарасын  анықтау.

И.П.Белан: «26 января 1963 г. Президиум Верховного Совета Казахской ССР постановил: «Передать в состав Узбекской ССР Кировский и Пахта-Аральский районы, Кзылкумский и Чимкурганский сельские советы Кзылкумского района Чимкентской области с общей земельной площадью 956 тыс. гектаров, а также 1 554 тыс. гектаров пастбищных земель Чимкентской области и 1 150 тыс. гектаров Кызыл-Ординской облас­ти, находящейся в долгосрочном пользовании Узбек­ской ССР».

25 мая 1963 г. Президиум Верховного Совета Узбекской ССР издал Указ о частичном изменении  границы с Казахстаном. А 19 сентября того же  года  Президиум  Верховного Совета  СССР  на  основании  решений  республик издал Указ  «О частичном  изменении  и  уточненном описании республиканских границ между Узбекской ССР и Казахской ССР». Таким образом, 3 663 тыс га. казахстанских земель отошли к Узбекистану».

1964 жылы Мәскеуде октябрь пленумында Н.С.Хрущев орнынан алынды. Орнына Л.И.Брежнев сайланды. Л.Брежневтың келуіне байланысты, Өзбекстанға 1963 жылғы берілген жерлерді Қазақстан қайтып алу туралы КСРО-ның  Жоғарғы  Кеңесі  қаулы  шығарды.

Осы туралы: «28 июня 1971 г. Президиум Верховного Совета СССР издал Указ «О частичном изменении границы между Узбекской ССР и Казах­ской ССР». В нем утверждалось «частичное изменение границы между Узбекской ССР и Казах­ской ССР, произведенное Указом Президиума Верховного Совета Узбекской ССР от 11 мая 1971 года «О пердаче части территории Самаркан­дской области Узбекской ССР в состав Казахской ССР» и Указом Президиума Верховного Совета Казахской ССР от 12 мая 1971 года «О включении части территории Сырдарьинской области Узбекской ССР в состав  Казахской  ССР.

28 июня 1971 г. Президиум Верховного Совета СССР своим указом утвердил эту пердачу части земель Казахстану. Последним законодательным актом, внесшим изменение в территориальное разграничение  двух  республик.

Сейчас даже сложно представить, как развивался бы суверенный Казахстан, если бы проекты Н.Хрущева и других союзных руководителей были  осуществлены.

Безуслвено, роль Д.А.Кунаева была огромной в деле сохранения территориальной целостности, определения государственных границ Казахстана в 1950-1970-е гг. Но считаем принципиальным момен­том, что значительной была позиция и роль главы правительства КазССР Ж.А.Ташенова», — деп  зерттеуші  И.П.Белан  тұжырымдайды.

1950-1970 жылдары Қазақстанды басқарған Д.А.Қонаевтың КСРО-ның қитұртқы саяса­тының арқасында Өзбекстанға берілген жеріміздің аумағын толық болмағанымен, қанша гектар  жер қайтарылғанын ашып жазбағанымен, еңбегін  баса  айтады.

Н.С.Хрущевтың солақай саясатының арқасында 1963 жылы Оңтүстік облысының (Түркістан обл.) үш ауданын Өзбекстаннан кері қайтарып алу туралы 28 маусым 1971 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесінің қаулысы шықты. Бұрынғы Өзбекстанға берілген жерді қайтып алуға коммиссия құрылып, Қазақстан жағынан қол қоятын комиссия төрағасы Мұстақым Ықсановқа жүктелді. Мадрид университетінің профессоры, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің профессоры, т.ғ. кандидаты Самат Өтениязов: «Мұстақым ағаның жанына қатты батып, аса қиналған кезіне тоқталайық. Шын мәнінде оның өмірі мен қыз­меті оңай болған жоқ, өте қиын жағдайда болды. Негізгі міндеті Өкімет пен партияның талап еткен аса қиын тапсырмаларын орындау болса, туған халқына жанашырлығын көрсету екінші жағы  болды…

Халқымыздың басындағы мына бір тарихи оқиғаны еске түсірейік. Сонау ХХ ғасырдың алпысын­шы жылдарындағы Жетісай өңіріне көп халықты Тәжікстан мен Хорезм өлкесінен, яғни халықтың көп бөлігін Қарақалпастанда тұратын қандастарымызды көшіріп әкелген Мұстақым аға екені белгілі. Ол кезде ол Жетісай ауданының бірінші хатшысы еді. Көп ұзамай сол аудандарды, яғни 1961 (1963 ж) жылы Кеңес өкіметі басшылары Өзбекстанға қосып жіберді. Он жылдан соң сол жерлер Оңтүстік Қазақстан (Шымкент) облысына қайта қосылды. Сол документацияны бекітуде Мұстақым Ықсановтың қолы қойылды. Себебі ол сол комиссияның председателі еді… Осы туралы сол кездегі Сарыағаш ауданының Бірінші хатшысы  Дербіс  Әлжанов  былай  деп  баяндады.

«Бұрынғы үш ауданды Қазақстанға қайта қосатын  комиссияның басшысы болып келген М.Ықсанов  екенін  есіттік…. Біз енді  сол  кісіге  барып сәлем беретін орнымыз бар. Олай дейтініміз, осы Жетісай айналасындағы Бетпақ далаға (Мырзашөл) ел жинап, совхоздар ашып көркейткен және бізді сонау Түркіменстаннан көшіріп әкелген басшымыз, ұстазымыз Мұстақым Ықсановқа барып жолығудың есебін таппай отырғанымызда өзі аяқ астынан ойламаған жерде келе қалды. Мен қуанғаннан ес-ақылым шықты… Сарыағаш аудандық партия комитетіне ешқандай хабар-ошарсыз келуі қызық болды. Оның көңіл күйі жоқ, бет әлпеті түтігіп  кеткенін  байқадым… Сондағы оның айт­қаны:

— Мені осы өлкені жақсы білетін адам есебінде Д.А.Қонаев жолдастың өзі Комиссия бастығы етіп жібергеніне өте қуанған едім. Алайда мұным бекер болып шықты… Өзбекстанға он шақты жыл бұрын берілген жерлерді түгел қайтып бермейтін доқументтерді даярлап қойыпты. Аталған документ бойынша Мырзашөл ауданы орталығы Гагарин қаласы түгелдей Өзбекстанға қалатын болыпты.

«Біз Д.А.Қонаевпен келіскенбіз, осы документке қол қойыңыз» деп қарап отыр Өзбекстан басшылары. Менің төбеме жай түскендей болды… Маған Қонаев ештеңе айтқан жоқ еді. Хабар­ды айтып сол кісімен сөйлесейін десем, Алматы­ға телефондай алмай-ақ қойдым. Анандай документке қол қоятын менің басым екеу емес  қой. Мен Қонаевпен сөйлесіп анығын білейін десем, телефон байланыстарын Өзбекстан басшылары бекітіп қойыпты. Алматыға телефондап, Қонаевтың өзіне болып жатқан жағдайды айту үшін саған асығыс төтенше жағдайда келіп отырмын, — деп  аса  қиналып  келгенін  айтты.

— Ойбай Мұсеке, мен сізді қазір вертушкамен-ақ байланыстырамын деп, әскери бөлімшеге алып бардым. Сол жерде ол Қонаевпен сөйлесті, маған бәрі анық естіліп тұрды. Д.Қонаев М.Ықсанов­қа ұрысып сөйлегеніне таң қалдым. Шынында Өзбекстан басшылары Қонаев­пен келісіп, Мырзашөл ауданын алып қалатын болып­ты. Мынандай халықтың тағдырына байланысты қылмысты және жымысқы жағдайды Қонаев Ықсановқа айтпаған. Ол бара салып қолын қоя салу керек болған. Алайда оның телефондап осындай ыңғайсыз жағдайды сұрағанына Д.А.Қонаев ақсақал Ықсановқа қатты ренжіп қалғанының куәсі болдым…», — деп айтқаны – тарихи  шындық…

Әрине, Қонаевтың келісімінсіз Мырзашөл ауданы Өзбекстанда қалмас еді. Мәскеуден шыққан нұсқауда 1961 (25.05.1963) жылы Хрущев өткізген Оңтүстік Қазақстан облысының жерлері түгелдей қайтарылуы керек еді. Қалай болғанда да  Өзбекстан басшылары Қонаевтың тілін тапқан еді. Осы жағдай М.Ықсановқа өте ауыр болды. Себебі тарихи құжатқа Комиссияның басты­ғы ретінде оған қол қойдырған. Келешекте ұрпағымыз осынау халқымызға жасалған қылмысты істерді М.Ықсановтан көріп, қарғап-сілеуі мүмкін. Әрине, осы мәселелер М.Ықсановты қатты қиналтқан еді… Бетпақ даланы көркейтуге, яғни ел қондырып, совхоздар ашып, қаншама игілікті істі жасауға қыруар еңбек сіңірген М.Ықса­нов сынды ардагер ағамыздың көңіл күйінің қандай болғанын елестету аса қиын… Осындай көркейген, атам заманнан бері қалың қазақ тұратын аудандарды Өзбекстанға бере салғанда ол қаншама іштей қарсылық көрсетіп, күйінген болатын. Бірақ қолдан келер амал бар ма… Ал енді сол аудандар Қазақстанға қайта кіретін болғанда, оның қуанышында әрине шек болмаған… Алайда Мырзашөл ауданын қалдыруға зорлықпен оған қол қойдырғанда оның ішкі жан дүниесін анық түсінбесек те, қаншалықты ауыр жағдай болғанын  білеміз…

Бұл жерде көңіл бөлетін жағдай, Қонаев ақсақал­дың Өзбекстан басшыларымен жақсы қатына­ста  болғаны…

Жалпы, Қазақстан басшылары жер сатып, нәпақа табуды әркезде жасап, өзінің жеке басына пайдаланған, яғни халыққа көп қиянат жасағанын олар біле ме екен… Бұл мысалдар отарлық жағдайда болған іс-шаралар болса, ар-намысы қалай көтеретінін білмейміз. Себебі біздің елімізде егемендік жағдайда жасалған кейбір деректі реті келіп тұрғанда айтуға міндеттіміз. Біздің халқымызға жасалған қиянаттардың кейбір тарихи фактілеріне тоқтала кетейік… Мысалы 2000-жылдардың басында Өзбекстан шекарасы 5 шақырым кіріп кетіп, Сарыағаш курортының жанынан бір-ақ шықты. Өмір бойы Қазақстан территориясында тұрған қалың қазақтың аяқ астынан өзбек болып кеткендегі жағдайын, яғни көз жасын елестетіп көріңіз. Оның үстіне сол жердегі жаңа шекараны өзбек ағайындар жауып тас­тады (яғни кеден де жабылды), ары-бері өту үшін бейшара  халық «Қапыланбек» арқылы  өтетін болып  қалды… Біздің халық үшін бұл жағдай кезек­ті трагедия мен көп қиянаттың бірі ғана… Осы мәселе туралы ешқандай баспасөзде жазылмады. Халық қаншама мұңы мен көрген қиянатын айтып жатса да, оны баспасөзге жариялауға қатаң тыйым салынған… Халықтың мұңы мен зарын көпшілікке жариялау Қазақстан басшыларын айыптау болатыны белгілі… Сондықтан осындай қылмысты істерді жария еткізбей, қатаң  бақылауда  ұстады…

Д.А.Қонаев  өзінің «Өтті дәурен осылай» (1992 ж.) атты естелігінде: «…Қазақтың ежелгі жерін бауырлас елге берсең де, мұндай шешімге біздің халқымыздың наразылғын еріксіз туғызған болар еді және солай болады да. Ол үшін партия­ға, оның Орталық Комитетіне, тікелей Хрущевке, осы жолдардың авторына да елдің өкпесі қара қазандай еді. Ол сызаттың әлі күнге дейін орны толған жоқ. Әрине, одан бері қанша жыл өтті. Ендігі әңгіме ақталғандай әсер қалдыруы мүмкін. Сондықтан арымның тазалығына ғана куәдармын. Хрущев «тақтан» тайғаннан кейін барып және менің талабым бойынша Өзбекстаннан екі совхоз, 500 мың қой және ертеректе өткен жерлерден басқа аудандар кері қайтарылды» деп ақталған боп жазады. Автордың «Құмда қалған кемелер» (2025 ж.) атты кітабынан осы оқиғаны толық білгісі  келген  оқырман  оқуына  болады.

«Осыған  ұқсас  тағы бір жағдайды айтып өтейік. Сонау алпысыншы жылдар басында Маңғыстауды Түркіменстанға беру мәселесі қозғалды. Бірақ Мәскеудің осы жоспары іске аспай қалды… Осы мәселені әркім әртүрлі жағдайда түсінеді. Біреулер оны Хрущевтің кеткенінен көреді. Ол қалғанда Түркіменстанға өткізетін еді және Атырауды Ресейге қосатын еді деп топшылайды… Екінші біреулер осы ерлікті түгелдей Қонаевқа жамайды. Ал кейбіреулер бұл ерлікті жасаған Қ.Сәтпаев екенін айтады… Бұл шындыққа жақындайды. Маңғыстау сияқты қазақ­тың қасиетті және киелі мекенінен айырылып қалатын болған соң ардагер Қаныш Имантайұлы жанталаса жүріп, ақырында СССР Ғылым Акаде­миясының президенті М.В.Келдышке мұңын шағады. Кеңес Одағындағы аса беделді ғалым Қ.И.Сәтпаевты Мстислав Всеволодович ерекше құрметтейтін еді. СССР ғылымының басында отырғандықтан және Орталық комитетке мүше болғандықтан, оның салмағы бар еді… Әрине, Маңғыстаудың тағдырын шешкен сол кісі еді. Бұл мәселені Қонаевқа жамаудың әрине қисыны келмейді… Ол кезде Қонаев ондай батыл қимылға бара қоюы мүмкін емес еді…

Екінші бір пікірді И.П.Белан Маңғышылақты Әзербайжанға беру тура­лы  мынадай  болжам  келтіреді: «С уходом  Ж.Ташенева  с властного олимпа  претензии Москвы на казахские  территории  не  прекратились. В 1962 г. Центр заговорил о передаче полу­острова Мангышлак Азербайд­жану, на том лишь осно­вании, что там давно занимаются нефтяным промыслом. Руко­водство республики поручило «отби­ваться» министру геологии Шахмардану Есенову. На совместном заседании Президиума Верховного Совета Министров СССР казахстанский минист­ры при помощи цифр и фактов стали доказывть, что Казахстан может успешно решать не только сельскохозяйственные, но и индустриальные задачи. И заставил присутствующих соглас­иться с тем, что в республике есть квалифицированные специа­листы, материальные ресурсы, большой опыт промышленной разработки месторождений полез­ных ископаемых… После бурного обсужд­ения на сторону казахстанского министра  встал  Алексей  Косыгин.

Еще одна версия этого сюжета. Именно Д.А.Кунаеву удалось отвергнуть замысел Хрущева о передаче Туркмении богатого нефтью Мангышлака под тем предлогом, что туркмены быстрее ос­воят его добычу. При поддержке ми­нистра геологии СССР Сидоренко удалось доказать, что Казахстан способен сделать то же самое еще эффективнее» деп жазғанының өзі 1950-1970 жылдардағы Н.С.Хрущевтың Қазақстанға жаса­ған қиянатына тарихшылар мен сая­саткерлер тарапынан әлі толыққанды бағасы  берілмегенін  байқаймыз.

М.Ықсанов күріш егістігін жоспарлау мен суаруды комсомолдың жалпы одақтық бас құрылыс жобаларының қатарына енгізуге қол жеткізді. Шаруа­шылықтар күріш өсіруге арнаулы ауыл шаруашылығы техникаларын көптеп ала бастады, республикалық және одақтық бюджеттен қомақты қаржы бөлінді. Құрылыс трестері құрылып, бұрын Шымкентте орналасқан респуб­ликалық Күріш ғылыми-зерттеу инс­титуты Қызылордаға көшті. Бұл, шын мәнінде,  тарихи  жағдай  болды.

Облыс басшысы ауыл шаруашы­лығын бақылап қана қоймай, басқа да өңірлік мәселелерді шешуге көп көңіл бөлді. «Басықара» (Қазалы) плотинасы (су тоспасын) салуға ерекше үлес қос­ты. Қызылорда облыстық партия ко­ми­тетінің басшысы аудандағы 67 мың гектар жерді суландыруға жоғары партия органдарының рұқсатын алып, «Басы­қара» плотина құрылысын бүкіл­одақтық комсомолдық  құрылыс жобасы  деп  жариялады.

Оның бастамасымен типтік жоба­мен колхоздар мен совхоздарға арнал­ған орта­лық фермалар салынып, абаттандыру мен көгалдандыру қолға алынды. Ауылдарға жаңа жолдар салынып, еңбекақы өсті, тұрмыс жағдайы жақсарды.

М.Ықсанов облысты басқарған төрт жыл ішінде Сыр елі күріш өндіруден Орта Азия республикаларын басып озып, КСРО ішінде атағы шықты. Көптеген күрішші Социалистік Еңбек Ері деген мәртебелі атаққа ие болса, Қызылорда облысы «Ленин» орденімен марапатталды. Бұған дейін республикадағы ең артта қалған облыстардың бірі саналған облыс тез арада атақты облыс­тар қатарына көтерілді», — деп тұжырымдайды («Qazaqstan  dauiri» халықара­лық  қоғамдық-саяси  газеті. 12 наурыз 2026 ж. №10 (1586). «Ел есінде қалған ер», Самат Өтениязов, Мадрид университетінің профессоры, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің профессоры,  т.ғ. кандидаты).

Қорытынды ой. Үш мәрте Социа­листік Еңбек Ері, 16 жыл қатарынан КОКП ОК саяси бюросының (полит­бюро) мүшесі (1971-1987 жж.), Қазақ КСР Миинстрлер Кеңесінің Төр­ағасы (1955-1960 және 26.12.1962 – 7.12.1964), Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетінің бірінші хатшысы (1960-1962 және 1964-1986) Д.А.Қонаев осы жылдары Қазақстанда ең жоғарғы қыз­мет атқарып отырып, 1963 жылғы Өзбек­станға берілген жерлерді толық қайтарып алмағанымыз­дан республиканың екі облысының (Түркістан мен Қызылорда) егіндік жерлеріне жыл са­йын су тапшылығы, бүкіл дүниежүзі көз тігіп отырған Кіші Арал теңізі мен айналасындағы көлдер жүйесіні толтыруға алақан жайып жыл сайын көршілерімізден су сұрау болмас еді. Кіші Аралдан екі есе көп су Өзбекстан жеріндегі «Шардара» су қоймасының жанындағы 44,5 км3 су жиналған «Айдаркөл» Қазақстанға тие­сілі  көл  болып  қалар  еді.

1955 жылы Қазақстаның Оңтүстік облысының Бостандық ауданын ба­сыбай­лы берген адамның атын атауға батылымыз жетпейді. Жауапты адамның  атын  атауға  тыйым салынған болуы мүмкін, ал Д.Қонаев сол жылдары Қазақстан Үкіметін басқарды. 1963 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының (қазіргі Түркістан облысы) үш ауданын өзбек ағайынға бергенін Ы.Юсуповтан көрдік, осы жерлерді қайтып алу кезінде құрылған комиссияның төрағасы М.Ықсановтан көру үшін Д.Қонаев өз «креслосын» сақтап қалуға жасаған әрекеті  демеске  не  лаж  айта  аламыз?

Әлібек  САБЫРБАЕВ,

инженер-гидротехник, 

зейнеткер,  өлкетанушы

Фото: ашық дереккөзден

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: