Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті тарапынан Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» №392 Заңының 18-бабына сәйкес Қызылорда облысының білім басқармасының «Шиелі ауданы бойынша білім бөлімінің «Ақбота» бөбекжай-бақшасы» КМҚК-да, «Жаңақорған ауданы бойынша білім бөлімінің «№12 Балдаурен» КМҚК-да, «Жаңақорған ауданы бойынша білім бөлімінің «№27 Рауан» бөбекжай-бақшасы» КМҚК-да, «Жаңақорған ауданы бойынша білім бөлімінің «№2 Ұлан» бөбекжай-бақшасы» КМҚК-да және «Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің «№4 «Күн нұры» бөбекжай-бақшасы» КМҚК-да, «Қармақшы ауданы бойынша «№19 «Балдәурен» бөбекжай-бақшасы» КМҚК-да, «Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің «№24 бөбекжай-бақшасы» КМҚК-да 2024-2025 жылдар аралығында «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға» және «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету және оларда медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру» бағдарламалары бойынша нақты балабақшаға келген тәрбиеленушілерінің жан басына шаққандағы бюджет есебінен алынған қаржысының Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкестігіне жоспардан тыс аудиторлық іс-шаралар (тексеру) жүргізілді.
Аудиторлық іс-шара (тексеру) нәтижесімен жалпы сомасы 24 467,5 мың теңге қаржылық бұзушылықтар анықталып, бүгінгі күнге аталған сома толығымен бюджетке қайтарылды.
Н.Каржауов,
Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит
департаментінің мемлекеттік аудиторы
Фото: cdn-kz.kursiv.media
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!