Екпе адам денсаулығының бір бөлігі іспетті. Олай деуіміздің негізгі себебі де бар. Өйткені екпе сан түрлі дерттердің дауасы. Екпе алудан қорқудың қажеті жоқ. Ол адам иммунитетін күшейтіп, аурулардың алдын алады.
Вакцина ағзаны түрлі инфекцияларға қарсы қорғаныс қабілетін қалыптастырады. Бала кезден бастап салынатын екпелер қызылша, көкжөтел, сіреспе, полиомиелит сияқты ауыр дерттерга қарсы егіледі. Ал ересектер үшін де екпенің маңызы зор. Мысалы, тұмауға қарсы вакцина маусымдық аурулардың асқынуын болдырмауға көмектеседі.
Кейбір адамдар екпеден қорқып жатады немесе оның зияны бар деп ойлайды. Алайда медицина ғылымы дәлелдегендей, вакцина – қауіпсіз әрі тиімді. Әр екпе арнайы тексерістерден өтіп, халыққа тек сенімді түрі ғана ұсынылады.
Мен өз тәжірибемде екпе алмаған адамдардың түрлі ауруларға жиі шалдығатынын көрдім. Ал уақытында вакцина алған жандар ауруды жеңіл өткереді немесе мүлде ауырмайды.
Сондықтан әр адам өз денсаулығына бейжай қарамай, екпе алуды әдетке айналдыруы қажет. Бұл – тек өзіңізді ғана емес, айналаңыздағы адамдарды да қорғаудың жолы.
Қазір көктем мезгілі болғандықтан жаңа жасушалардың шығып, аурулардың көбейетін кезеңі. Сондықтан әрбіріміз денсаулығымызға дұрыс қарауымыз ләзім.
Индира Жармаханова,
Қызылорда қалалық №6 емханасының мейірбикесі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!