Қарағанды қаласындағы «Горняк» базарының маңында оқыс жағдай болды. Жанжал барысында 33 жастағы азамат өзін-өзі өртеуге әрекеттенген, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
Алдын ала мәлімет бойынша, саудагер мен базар әкімшілігі арасындағы дау контейнерлерді шығаруға рұқсат берілмеуінен туындаған.
Наразылық ретінде ер адам үстіне бензин құйып, өзіне қол жұмсайтынын айтып қорқытқан.
Оқиға орнына шұғыл түрде полиция және әкімдік өкілдері жеткен.
Осы оқиғаға қатысты Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі ресми мәлімдеме жасады.
«26 наурызда полицияның кезекші бөліміне Қарағанды қаласындағы «Горняк» базарының маңында ер адамның үстіне бензин құйып, өзін-өзі өртеуге әрекеттеніп жатқаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына шұғыл түрде барлық жедел қызметтер жіберілді. Тексеру барысында қаланың 33 жастағы тұрғыны базар әкімшілігімен жанжалдасып қалғаны анықталды. Жанжалдың шығуына ер адамға өзіне тиесілі сауда контейнерлерін алып кетуге рұқсат берілмеуі себеп болған. Полиция қызметкерлері мен жергілікті атқарушы орган өкілдерінің жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің, сондай-ақ жүргізілген келіссөздердің арқасында қайғылы жағдайдың алды алынды. Ер адам өз ойынан бас тартты. Қазіргі уақытта азамат әкімдік ғимаратында, онымен тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр», — деп хабарлады Қарағанды облысының ПД баспасөзқызметі.
Фото: Видеодан скриншот
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!