Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Айтыстың ақтаңгері «Құрмет» орденімен марапатталды

17.03.2026, 16:40 38

Бүгін Ақордада өткен Қазақстан Республикасының Конституциясын қабылдауға арналған салтанатты жиында Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы айтыскер ақын, үш дүркін «Алтын домбыра» иегері Мұхтар Ниязовты «Құрмет» орденімен марапаттады.

Мұхтар Мәуленұлы 1985 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.

2007 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін тәмамдаған.

2018 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің педагогика ғылымдарының магистрі.

Айтыс ақтаңгері, үш мәрте «Алтын домбыра» иегері, Қызылорда қаласының құрметті азаматы.

2009 жылдан бастап «Ақ сөйле» қоғамдық бірлестігінің төрағасы;

2014-2016 жылдары А.Тоқмағанбетов мәдениет үйінің үйірме жетекшісі;

2016-2019 жылдары «Асыл арна» телеарнасында «Сүбелі сөз» бағдарламасының жүргізуші редакторы, Қызылорда облыстық «Рухани жаңғыру» орталығында жауапты қызметтерін абыроймен атқарып келді.

Бүгінде Нартай Бекежанов атындағы облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрының басшысы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: