Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің қызметкерлері Ақмола облысында ірі есірткі зертхасын жойды.
Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады halyqline.kz тілшісі kazinform сайтына сілтеме жасап.
Әкесі ұлын заңсыз бизнеске тартып, синтетикалық есірткі өндіруді үйреткен. Тексеру барысында 54 жастағы ер адам мен оның 26 жастағы ұлы ұсталды.
Арнайы операция барысында: — 200 келі мефедрон; 2 тоннадан астам прекурсор; химиялық реактор; түрлі жабдықтар тәркіленді.
– Тәркіленген есірткі 600 жүз мың бір реттік дозаға тең. Қара нарықтағы құны 5 млрд теңге немесе 10 млн АҚШ долларынан астам. Бұл есірткі заңсыз айналымға түссе, мыңдаған адамның тағдырына балта шабушы еді, – деді ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің төрағасы Данияр Мейірхан.
Прекурсор басқа өңірлерге де жеткізілмек болған.
Фото: ІІМ
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!