Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстандық боксшылар халықаралық турнирде топ жарды

01.03.2026, 20:30 33

Болгарияда өткен беделді Strandzha халықаралық турнирінде қазақстандық үш боксшы чемпион атанды. Бұл туралы Kazinform хабарлады.

Әлемдік бокста «кіші әлем чемпионаты» аталып кеткен жарыста Қазақстан құрамасы жоғары деңгейде өнер көрсетіп, финалдық жекпе-жектерде шешуші жеңістерге қол жеткізді.

Турнир қорытындысы бойынша отандастарымыз өз салмақ дәрежелерінде қарсыластарынан басым түсіп, алтын медаль жеңіп алды. Осылайша, халықаралық додада Қазақстанның бокс мектебі тағы бір мәрте өз әлеуетін дәлелдеді.

Strandzha турнирі – әлемнің үздік боксшылары қатысатын ең беделді жарыстардың бірі саналады. Сондықтан бұл жеңіс қазақстандық спортшылардың халықаралық деңгейдегі дайындығы мен шеберлігінің көрсеткіші ретінде бағалануда.

Фото: Kazinform

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: