HALYQLINE.KZ Қызылорда облысында күндіз солтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысып, күші 15-20 м/с жетеді. Алайда күн ыстық болады.
Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде тәулік бойы найзағай ойнап, бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетуі ықтимал.
Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл болжанады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғатын желдің екпіні 15-20 м/с артады.
Нұр-Сұлтан қаласында күндіз найзағай ойнап, оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы 15-18 м/с күшейеді.
Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с артады.
Ақтөбе облысында күндіз кей жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ болжанады. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күшейеді. Кей жерлерде найзағай, дауыл күтіледі.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!