Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сыр елінде Қажымұқан рухына арналған жас балуандар бәсекесі басталды

26.02.2026, 19:25 37

Қызылорда қаласындағы «Евразия» спорт кешенінде қазақ күресінен жасөспірімдер арасында Қажымұқан Мұңайтпасұлының құрметіне арналған республикалық ашық турнирдің шымылдығы түрілді. Дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан бұл дода биыл он төртінші рет ұйымдастырылып отыр.

2006–2008 жылдары туған жас балуандар қатысатын жарыстың негізгі мақсаты ұлттық спортты дамытуға серпін беру, жасөспірімдер арасында қазақ күресіне қызығушылықты арттыру және тарихи тұлғалардың ерлік жолын кейінгі буынға үлгі ету болып табылады. Сонымен қатар турнир салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған маңызды алаң саналады.

Биылғы бәсекеге еліміздің әр өңірінен 9 команда құрамында 200-ге жуық спортшы жиналды. Жарыс түрлі салмақ дәрежелері бойынша өтуде. Турнирге арнайы Қажымұқан Мұңайтпасұлының немересі Нұрлан Айдарұлы қатысып, жас балуандарға қолдау білдірді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге Қазақстан Республикасының спорт шеберіне кандидат атағы беріледі. Сонымен бірге қала әкімінің дипломдары, медальдары және қаржылай сыйақылар табысталмақ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: