26–27 ақпан күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Сербия Республикасының Президенті Александр Вучич Астана қаласына ресми сапармен келеді.
Сапар барысында екі ел басшылары жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізеді. Кездесулерде Қазақстан мен Сербия арасындағы стратегиялық әріптестіктің қазіргі жай-күйі мен болашақтағы даму бағыттары талқыланбақ.
Тараптар саяси диалогты одан әрі нығайту, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты тереңдету мәселелеріне ерекше назар аударады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!