Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Хабарландыру

24.02.2026, 11:50 55

Қызылорда облысының аумағында 2026 жылғы 25 – 27 ақпан аралығында «Көктем-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізіледі.

Аталған оқу-жаттығу көктемгі кезеңдегі ықтимал төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жоюға дайындықты пысықтау мақсатында ұйымдастырылады. Іс-шара барысында азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күш-құралдарының әзірлігі тексеріліп, өзара іс-қимыл тәртібі жетілдіріледі. Сонымен қатар, халықты құлақтандыру жүйесіне тексеру жүргізіліп, дабыл сиреналары іске қосылады.

Осыған байланысты тұрғындардан сабырлылық сақтап, дүрбелеңге жол бермеуді, тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуді сұраймыз.


 Қызылорда облысы ТЖД

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: