Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тоқаевтың сөзіне түсініктеме берген Шолпанқұлов қызметінен кетті

20.02.2026, 17:30 73

Ақорда таратқан ақпаратқа сәйкес, Tengrinews хабарлауынша, ол отставкаға өз өтініші бойынша кеткен. Бұл шешім оның кеше жасаған мәлімдемесінен кейін қабылданды.

Еске салайық, бұған дейін Шолпанқұлов «қазақстандық банк арқылы өткен 7 триллион теңге – бұл тек жиынтық айналым» деген пікір білдірген еді. Алайда бүгін Президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров бұл сөздерге түсініктеме берді.

Оның айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаев тек нақты әрі тексерілген деректерді ғана жария етеді. «Егер Президент 7 триллион теңге көлемінде транзакциялар болды десе, демек, солай болғаны», – деді Смадияров.

Сондай-ақ ол бұл ақпараттың ашық талқылауға арналмағанын атап өтті. Мәлімет қызметтік сипатта болған. Транзакциялар жүзеге асқан банк өзіне қатысты айтылғанын біледі. Президент саяси және дипломатиялық себептерге байланысты қаражаттың қай елден шыққанын, қай елге бағытталғанын, сондай-ақ санкциялық режим жағдайында мұндай операцияларды жүргізген банктің атауын әдейі жария етпеген.

Фото: KazTAG

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: