Қорғаныс министрлігі азаматтарға ескерту жасады, — деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, қорғаныс министрі Қарулы Күштердің әскери басқару органдары мен әскери бөлімдеріне жоспарлы тексеріс жүргізеді.
«16-18 ақпан аралығында Алматы, Қонаев және Талдықорған қалаларында әскери техника қозғалады. Соған байланысты жолдардың кейбір учаскелерінде қозғалысқа уақытша шектеу енгізілуі мүмкін», — деді министрлік өкілі.
Министрлік азаматтарды, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін және әлеуметтік желі қолданушыларын жалған ақпаратқа сенбеуге, тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге шақырды.
Фото: Қорғаныс министрлігі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!