Тұтыну бағаларының индексі
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қызылорда облысы бойынша департаментінің ақпаратына сәйкес, 2025 жылдың желтоқсан айында республика бойынша инфляция 0,9%-ды (аймақ бойынша – 0,8%) құрады. Инфляция құрылымында азық-түлік тауарларының бағасы 1,2%-ға (аймақ бойынша – 0,7%), азық-түлік емес тауарларға – 0,7%-ға (аймақ бойынша – 0,9%) өсті, ал ақылы қызметтерге 0,6%-ды (аймақ бойынша – 0,9%) құрады.
Жылдық инфляция 12,3%-ды (аймақ бойынша – 12,0%) құрады. Инфляция құрылымында азық-түлік тауарларының бағасы 13,5%-ға (аймақ бойынша – 14,1%), азық-түлік емес тауарларға – 11,1%-ға (аймақ бойынша – 10,9%) және ақылы қызметтерге 12,0%-ға (аймақ бойынша – 10,3%) өсті.
Банк секторы
2026 жылдың 1 қаңтар деңгейіне Қызылорда облысы аумағында 11 екінші деңгейлі банктердің филиалдары және 1 «Қазпошта» АҚ филиалы, 2 уәкілетті ұйым, 5 микроқаржы ұйымы, 8 несие серіктестігі, 2 ломбард қызмет атқарды.
Айырбастау пункттердің жалпы саны – 51, оның 37-сі – екінші деңгейдегі банк филиалдары, 12-сі – «Қазпошта» АҚ филиалының және 2-еуі – уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттері.
Банктегі депозиттер
2026 жылдың 1 қаңтар деңгейіне облыстағы депозиттердің жалпы мөлшері (ағымдағы шоттарды қоспағанда) 2025 жылдың cәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,8%-ға өсіп, 455,0 млрд теңгені құрады. Заңды тұлғалардың салымдары 25,0%-ға азайып, 97,4 млрд теңгені құрады. Жеке тұлғалардың салымдары 19,2%-ға өсіп, 357,6 млрд теңгені құрады.
Ұлттық валютадағы депозиттер көлемі 19,1%-ға өсіп, 412,9 млрд теңгені құраса, шетел валютасындағы депозиттердің көлемі 2025 жылдың cәйкес кезеңімен салыстырғанда 49,3%-ға азайып, 42,1 млрд теңгені құрады. Теңгедегі депозиттер үлесі – 90,7%, шетел валютасындағы депозиттер үлесі – 9,3%.
2025 жылдың желтоқсан айында ұлттық валютадағы депозиттердің сыйақы мөлшері – 12,5% (2024 ж. желтоқсан айында – 11,3%), ал шетел валютасындағы депозиттер бойынша 1,1% (2024 ж. желтоқсан айында – 2,3%) құрады.
Банк секторының несиелері
2026 жылдың 1 қаңтар деңгейіне банк секторының жалпы экономиканы несиелеу көлемі (жалпы қарыз) 885,6 млрд теңгені құрады (2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,7%-ға өскен).
Жеке тұлғалардың несиелері бойынша қарыз 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,5%-ға артып, 818,0 млрдтеңгені құрады, заңды тұлғалардың несиелері 27,7%-ға өсіп, 67,6 млрд теңгені құрады.
Қысқамерзімді несиелердің көлемі 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,6%-ға өсіп, 57,2 млрд теңгені құрады. Ұзақмерзімді несиелердің көлемі 25,7%-ға артып, 828,4 млрд теңгеге дейін өсті.
Банк секторының тұтынушылық мақсатындағы несиелері бойынша қарыз көлемі 18,1%-ға өсіп, 539,3 млрд теңгені (жалпы қарыздан үлес салмағы – 60,9%-ды) құрады.
Банк секторының ипотекалық несиелері бойынша қарыз 19,6%-ға өсіп, 98,9 млрд теңгені (жалпы қарыздан үлес салмағы – 11,2%-ды) құрады.
2025 жылдың қаңтар-желтоқсан айында банк секторының берілген несиелер көлемі 794,4 млрд теңгені құрады (2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,0%-ға өскен).
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің несиелендіру бойынша қарызы 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 40,8%-ға өсіп, 195,6 млрд теңгені құрады. Жалпы қарыздан үлес салмағы – 22,1%.
2025 жылдың қаңтар-желтоқсан айында шағын кәсіпкерлік субъектілеріне берілген несиелер көлемі 189,2 млрд теңгені құрады. 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 21,7%-ға өскен.
Банк секторының несиелері бойынша мерзімі өткен берешектер 1,9 есеге өсіп, 47,0 млрд теңгені құрады. Жалпы қарыздан несиелер бойынша мерзімі өткен берешектердің үлесі 5,3%-ды құрады.
Тұтынушылық мақсатындағы несиелер бойынша мерзімі өткен берешектер 35,4 млрд теңгені құрап, 2 есеге өскен. Мерзімі өткен ипотекалық берешектер 3,2%-ға өсіп, 0,2 млрд теңгені құрады. Жалпы мерзімі өткен берешектерден ипотекалық мерзімі өткен берекшектердің үлес салмағы – 0,4%.
2025 жылдың желтоқсан айында берілген несиелер бойынша орташа сыйақы мөлшері – 21,9%-ды (2024 жылы желтоқсан – 19,7%), шағын кәсіпкерлік субъектілеріне берілген несие бойынша – 26,4%-ды (25,5%), тұтынушылық мақсатында – 20,2%-ды (17,9%), ипотекалық несиеге 8,9%-ды (8,0%) құрады.
Нақты шетел валютасының нарығы
2025 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында айырбастау пункттері 107,2 млн АҚШ долларын сатып, 37,4 млн АҚШ долларын сатып алды. 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда АҚШ долларын сату көлемі 19,6-ға төмендеп, АҚШ долларын сатып алу көлемі 2,9%-ға өскені байқалып отыр.
АҚШ долларын сатудың/сатып алудың орташа бағамы 2025 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында АҚШ доллары үшін 523,79/516,84 теңгені құрады (2024 жылдың сәйкес кезеңінде – 471,75/465,69 теңге).
2024 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда еуроны сату көлемі 11,1%-ға (3,8 млн еуроға дейін) төмендеді, сатып алу көлемі де 25,6%-ға (1,3 млн еуроға дейін) төмендеді. Еуроны сатудың/сатып алудың орташа бағамы еуро үшін 588,42/584,00 теңгені құрады (2024 жылдың осы кезеңінде – 512,78/498,03 теңге).
Ресей рублін сату бойынша операциялар көлемі 32,8%-ға (283,3 млн рубльге дейін), сатып алу көлемі де 40,7%-ға (607,2 млн рубльге дейін) төмендеді. Рубльді сатудың/сатып алудың орташа бағамы 6,47/5,86 теңгені құрады (2024 жылдың осы кезеңінде – 5,13/4,39 теңге).
2025 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында қытай юандарын сату көлемі 49,6%-ға (404,9 мың юаньға дейін) өсті, сатып алу көлемі 10,8%-ға (269,4 мың юаньға дейін) төмендеді. Юань сатудың/сатып алудың орташа бағамы 76,75/68,77 теңгені құрады (2024 жылдың осы кезеңінде – 66,77/59,46 теңге).
Төлем карточкалары
2026 жылдың 1 қаңтар деңгейіне Қызылорда облысында айналымдағы төлем карточкалары өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,1%-ға өсіп, 3 224,4 мың бірлікті құрады.
Облыс бойынша төлем карточкаларына қызмет көрсету инфрақұрылымы жайлы жалпы көрініс: POS-терминалдар саны – 34 961,0 бірлік (-14,4%), банкоматтар – 422,0 бірлік (+7,4%), кәсіпкерлердің саны – 28 557,0 бірлік (+3,8%). Төлем жүргізу үшін карточкамен қабылдайтын сауда кәсіпорындарының саны 33 061,0 бірлікке дейін артты (-1,1%).
2025 жылдың қаңтар-желтоқсан айы бойынша төлем карточкаларын қолдана отырып, қолма-қол ақшасыз төлемдер саны 368061,9 мың транзакциялардың (2024 жылдың cәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,0%-ға өскен) көлемі 3 535,4 млрд теңгені құрады (12,1%-ға өскен).
2025 жылдың қаңтар-желтоқсан айында Қызылорда облысы бойынша қолма-қол ақша алу операциялары 3,7%-ға азайып, 8 022,6 мың транзакцияның көлемін көрсетті. 1,4%-ға көбейіп, 709,4 млрд теңгені құрады.
Қазақстан Ұлттық Банкі Қызылорда филиалы
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!