Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Көктемгі егістік науқаны басталды

11.02.2026, 15:45 77

Түркістан облысында көктемгі егістік науқаны басталды. Қазір Келес ауданындағы Біртілек, Қошқарата, Алпамыс батыр және Ақтөбе ауылдық округтерінде шаруалар қырыққабат, сәбіз және картоп дақылдарын егіп үлгерді, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Тез пісетін дақылдың өнімділігі де жоғары дейді шаруалар.

Биыл аудан бойынша көкөніс егуге 6 мың гектар, ал картопқа мың гектар алқап бөлінген.

«Сұранысы бар деген сорттарды егіп жатырмыз. «Зарисма» бірінші піседі. Одан кейін «Валикор», одан кейін «Фарао», сәуірдің басында. Қазір мына жерде бір 70 адам бар істеп жатқан. Бір күндері 40-45 адам болады, бір күндері 70 адам болады. Бір күндері 20 адам болады», – дейді шаруа Кәмілжан Дадаев.

Фото: baq.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: