Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Украинада электр өндірісі қысқарып жатыр

08.02.2026, 13:26 44

Украинадағы атом электр станциялары электр энергиясын өндіру көлемін уақытша қысқартты. Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский мәлімдеді.

Президенттің айтуынша, Ресей қарулы күштері зымырандар мен ұшқышсыз ұшу аппараттары арқылы Украинаның батыс өңірлеріндегі маңызды энергетикалық нысандарға жаппай соққы жасаған. Атап айтқанда, бірқатар жылу электр станциялары, қосалқы станциялар мен жоғары кернеулі электр желілері істен шыққан.

Соның салдарынан атом электр станциялары желідегі тұрақсыздыққа байланысты өндіріс көлемін азайтуға мәжбүр болған.

– Бір реактор автоматты түрде ажыратылды. Бұл – әлемдегі бірде-бір террористік ұйым да өзіне мұндай деңгейдегі шабуылға жол бермейтін әрекет, – деді Владимир Зеленский.

Энергетикалық инфрақұрылымға жасалған соққылар елдегі электр энергиясы, су және жылумен қамтамасыз ету жағдайын одан әрі қиындатып отыр. Әсіресе, ауа температурасының төмендеуіне байланысты тұрғындарға түсетін салмақ күшейген.

Украина президенті халықаралық қауымдастықты Ресейдің әрекетіне нақты әрі қатаң жауап беруге шақырып, «Ресей бүкіл әлемнің жауабын сезінуі тиіс» екенін айтты.

Айта кетейік, Киев қаласында тұрғындарға арналған ыстық тамақ таратылатын пункттер ұйымдастырылып жатыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: