Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қажылар мен умра өтушілерге арналған Qajy Guide қосымшасы іске қосылды

05.02.2026, 11:30 96

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен қажылық және умра құлшылығын өтейтін жамағатқа арналған Qajy Guide атты тегін цифрлық көмекші қосымша іске қосылды. Жоба – ҚМДБ-ның ресми платформасы. Қосымша қажылық сапарына шыққан азаматтардың діни рәсімдерді дұрыс әрі жүйелі орындауына, сондай-ақ қасиетті мекендерде бағдар табуына көмектесуге бағытталған.

Qajy Guide платформасында пайдаланушыларға қажетті бірнеше маңызды бөлімдер қамтылған. Атап айтқанда, қажылық пен умраны өтеу тәртібі қадамдап түсіндірілген толық нұсқаулық, виртуалды турлар, дұғалар жинағы, діни сөздік, кітаптар, сұрақ-жауап айдары және интерактивті карта бар.

Қосымша арқылы пайдаланушылар Қағба, Мина, Арафат, Муздалифа секілді қасиетті орындардың виртуалды көрінісін тамашалап, құлшылық ету барысындағы әрбір кезеңмен алдын ала таныса алады. Сонымен бірге, карта бөлімі мешіттерді, қонақ үйлерді, тамақтану орындарын және басқа да маңызды нысандарды оңай табуға мүмкіндік береді. Тағы бір маңызды мүмкіндік – қажылық және умра бағытында қызмет көрсететін ресми туроператорлардың тізімі. Бұл қажыларға сенімді компанияларды таңдауға және алаяқтықтан сақтануға көмектеседі.

Qajy Guide қосымшасында:

– Қажылықты өтеу тәртібі

– Умраны өтеу тәртібі

– Дұғалар мен зікірлер

– Діни сөздік

– Кітапхана

– Сұрақ-жауап бөлімі

– Виртуалды тур

– Интерактивті карта

– Туроператорлар тізімі

секілді бөлімдер бір жүйеге жинақталған.

Жобаның басты мақсаты – қажылардың қасиетті сапарын барынша жеңілдету, діни білімін арттыру және құлшылық барысында жіберілуі мүмкін қателіктердің алдын алу.

Айта кетейік, Qajy Guide қосымшасын смартфондарға тегін жүктеуге болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: