Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қармақшыда су лимитінің 91 пайызы тиімді пайдаланылды

04.02.2026, 12:10 85

Аудан әкімі Жандос Еркінбек өңірлік коммуникациялар қызметінде берген брифинг барысында су ресурстарын тиімді пайдалану мәселесіне де ерекше назар аударылғанын айтты. .

– 2025 жылы аудан бойынша белгіленген су лимиті 411 млн текше метр болды. Оның 374,9 млн текше метрі егістікке пайдаланылып, су лимитінің 91 пайызы игерілді. Егін алқаптарын сумен қамтамасыз ету және жайылымдарды суландыру мақсатында республикалық бюджеттен 27 млн теңге бөлініп, Қуаңдария ауылдық округіндегі «Таңатар» каналы механикалық тазалаудан өткізілді, – деді аудан басшысы.

Сонымен қатар, аудан әкімінің айтуынша, облыстық бюджеттен бөлінген қаржы есебінен Қараөзек арнасындағы «Қожатай» су реттегіш тоспасы қалпына келтірілген.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: